Қазығұрт АУДАНЫНДА «ЖАСТАР – ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕТІН КҮШ» АТТЫ ЖАЙДАРМАН ОЙЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шараны аудандық прокуратура, аудандық білім бөлімі және жастар ресурстық орталығы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында бірлесіп ұйымдастырды.

Жарысқа ауданның білім беру ұйымдарынан құралған 9 команда қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылар «Сәлемдесу», «Сұрақ-жауап» және «Бес жаңалық» кезеңдері бойынша өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әр команда өз әзілдерімен, сахналық қойылымдарымен ерекшеленіп, тапқырлық пен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша:  І орын – «Дарын жастары» (Дарын мектеп-интернаты). ІІ орын – «Bulaq boys» (Ащыбұлақ ЖББМ). ІІІ орын – «Алғыр жетілік» (Т. Рысқұлов ЖББМ)

Арнайы номинациялар бойынша «Үздік ойыншы» атағы Қуаныш Нұрасылға («Шаңырақ» командасы, Қ. Сәтпаев мектеп-лицейі), ал «Үздік әзіл» номинациясы №11 санаториялық мектеп-интернатына берілді.

Жеңімпаздар дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар жастардың шығармашылығын дамытып, олардың белсенділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық ұлан офицері Балқаш көлінде батып бара жатқан баланы аман алып қалды

Redaktor Arysinfo

Звезды казахстанской эстрады объединились в поддержку новой Конституции – народный гимн «Халықтың Ата Заңы»

berdaly_oraz

Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес жұмыстары жүргізіліп жатыр