Нұралхан Көшеров «Қазқайтажаңарту» басшысымен тарихи жобаларды талқылады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Олжас Шариязданов және Тараз филиалының директоры Нуртулла Бекбергеновмен кездесті.

Кездесуде Сауран қалашығы аумағындағы тарихи қос мұнараны қайта қалпына келтіру жобасы талқыланды. Нысанды сол дәуірдің технологиясымен жаңғырту және ғылыми негізде сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды.

Облыс әкімі тарихи мұраны қорғау мен туризмді дамыту – өңір үшін стратегиялық бағыт екенін атап өтті. Оның айтуынша, Түркістан өңіріндегі КүлтөбеОтырар және Сауран қалашықтарын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бастама өңірдің тарихи маңызын арттырып қана қоймай, туристік әлеуетін күшейтеді.

Өз кезегінде Олжас Шариязданов Саурандағы тербелмелі қос мұнара жобасына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Жобаны іске асыру барысында тарихи дәлдік пен ескерткіштердің сақталу талаптарын қатаң сақтау қажеттігі айтылды.

Кездесу қорытындысында тараптар жобаларды жан-жақты зерттеп, бірлесіп жұмыс жүргізуге уағдаласты.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Созақ ауданының экономикасын әртараптандыру жолдары қаралды

Шымкентте 20 жыл бойы баспана күткен тұрғын әкімнен көмек сұрады

berdaly_oraz

«Otebay gaz» халықтың жанайқайын ескерді»: Арыс қаласында табиғи газ тарифі төмендеді

berdaly_oraz