Көне Отырарға жаңа көзқарас: туристік әлеует артып келеді

Түркістан облысындағы көне өркениет ошақтарының бірі – Отырар қалашығы бүгінде тарихи мұраны дәріптейтін ғана емес, заманауи туризмді дамытуға бағытталған маңызды орталыққа айналып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды кеңінен таныстыру мақсатында «Отырар алқабының туристік әлеуеті: көне мұраға жаңаша көзқарас» тақырыбында ауқымды баспасөз туры ұйымдастырылды.

Іс-шараны Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы өткізді. Баспасөз турына республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері, интернет-журналистер мен музей-қорықтардың баспасөз хатшылары қатысты. Негізгі мақсат – Отырар алқабының бай тарихи-мәдени мұрасын жаңа форматта танытып, өңірдің туристік әлеуетін кеңінен насихаттау.

Бағдарлама аясында қатысушылар алдымен Арыстанбаб кесенесі барып, қасиетті орынның бүгінгі тынысымен танысты. Кесенеде келушілерге қолайлы жағдай жасау бағытында жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, ішкі төсеніштері жаңартылған. Сонымен қатар арнайы құрбандық шалу орны жабдықталуда. Сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібек арналған кесенеге де жөндеу жұмыстары жоспарланғаны айтылды.

Баспасөз турының маңызды бөлігінің бірі – туристерге қызмет көрсету сапасын арттыруға арналған Сапар орталығы болды. Заманауи талаптарға сай жабдықталған орталықта тарихи экспозициялар қойылып, келушілер үшін қолайлы инфрақұрылым жасалған. Бұдан бөлек, археологтар мен ғалымдарға арналған арнайы екі қабатты жатын орынның салынуы ғылыми туризмнің де дамуына серпін береді.

Ұқсас жаңалықтар

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰНЫ 1 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН ӨСІМДІК МАЙЫН ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

berdaly_oraz

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫНЫҢ ЖЕТКІЛІКТІЛІК ШЕГІ ӨЗГЕРЕДІ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында мектепке дейінгі ұйым педагогтері жаңа оқу жылына дайындықты талқылады

berdaly_oraz