ТҮРКІСТАНДА ДӘСТҮРЛІ БАСПАСӨЗДІҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры Ержан Байтілеспен кездесу өтті. Басқосуда мерзімді баспасөздің қазіргі ахуалы, даму бағыттары және цифрлық дәуірдегі бәсекеге қабілеттілігі талқыланды.

Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл, ардагер журналист Сейдулла Садыков, «Егемен Қазақстан» газетінің Түркістан облысындағы меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібай, «Түркістан медиа холдинг» ЖШС-нің бас директоры Уәли Қыдыр, сондай-ақ жазушылар мен журналистер одағының өңірлік филиалдарының өкілдері және зиялы қауым қатысты.

Кездесу барысында Ержан Байтілес серіктестік құрамындағы басылымдардың жұмысына тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Қатысушылар дәстүрлі медианың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оқырман алдындағы жауапкершілікті күшейту және цифрлық кеңістікте аудиторияны кеңейту мәселелерін ортаға салды.

Іс-шара аясында «Фараб» кітапханасының ұйымдастыруымен «Егемен Қазақстан» газетінің 1930–1960 жылдардағы тарихи сандарынан көрме ұсынылды. Көрме ұлттық баспасөздің бай тарихын танытып, журналистика мұрасын ұлықтауға мүмкіндік берді.

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

berdaly_oraz

Байқоңырдан ғарыштық жүк кемесі ұшырылады

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: «КЕҢ ДАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Redaktor Arysinfo