ҚОС МЕРЕКЕ, БІР ҰСТАНЫМ: ТОҚАЕВ ЕЛДІ БІРЛІККЕ ШАҚЫРДЫ

дереккөз фото: Түркістан облысының әкімдігі 

Бүгін Ақорда резиденциясында Отан қорғаушы күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Мемлекеттік марапаттар мен жоғары әскери шендер табысталған жиында Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғарғы Бас Қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы сардарлар мен сарбаздарды қос мерекемен – Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні құттықтап, олардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ерекше рөлін атап өтті.

Президент өз сөзінде бұл екі мерекенің тарихи маңызы мен рухани үндестігіне тоқталып, батыр бабалардың ерлігі мен бүгінгі әскерилердің қызметі бір-бірімен сабақтас екенін жеткізді. Оның айтуынша, қазақ халқы ежелден елін қорғауды қасиетті борыш санаған ержүрек ұлт ретінде қалыптасқан.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы елдің тәуелсіздігі мен бірлігін сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті. Осы ретте Қазақстан Конституциясы мемлекеттігіміздің берік тірегі екеніне ерекше назар аударды. Президенттің айтуынша, жаңартылған Ата заңда: егемендік пен тәуелсіздікті қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, халықтың әл-ауқатын арттыру, ел бірлігін нығайтусияқты негізгі қағидаттар айқын белгіленген.

Сонымен қатар, адам капиталы, білім мен ғылым, инновацияны дамыту – мемлекеттің стратегиялық басымдықтары ретінде бекітілгені атап өтілді.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның болашағы бірлік пен ынтымаққа тікелей байланысты екенін айтып, елді «Әділетті, Қуатты, Өркениетті мемлекет» құру жолында бірігуге шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанға ерекше мәртебе берілді: тарихи қала жаңа даму кезеңіне қадам басты

berdaly_oraz

Қарағандыда ауыл әкімі қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды

berdaly_oraz

Өңір жаңалықтары: Сайрамда «Заң мен тәртіп» атты форум өтті

Альфия Адамбек