МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫНА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Дереккөз, фото: Созақ ауд әкімдігі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Созақ ауданында мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған қоғамдық бақылау жұмыстары өтті.

Іс-шараға Созақ ауданы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің бас инспекторы С. Қарабаев, «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Б. Смахова қатысты.

Қоғамдық бақылау барысында Созақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ұйымдастырылу деңгейі зерделенді. Атап айтқанда, ақпараттық стендтердің жай-күйі, өтініш үлгілерінің қолжетімділігі, азаматтарды қабылдау сапасы және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысы қаралды.

Сонымен қатар, қызметтердің қолжетімділігі, ұсынылатын ақпараттың анықтығы, ғимараттағы дабыл батырмаларының жұмысқа жарамдылығы және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған жағдайлар да назардан тыс қалған жоқ.

Бақылау нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі жақсарту бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағашта екі мыңнан астам тұрғын «Таза Қазақстан» науқанына үн қосты

berdaly_oraz

Түркістан: Қабылдауда сан түрлі мәселелер тыңдалды

ҚОС МЕРЕКЕ, БІР ҰСТАНЫМ: ТОҚАЕВ ЕЛДІ БІРЛІККЕ ШАҚЫРДЫ