САЙРАМ АУДАНЫ: КЕЗЕКТІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Дереккөз, фото: Сайрам ауд әкімдігі

Сайрам ауданының әкімі Мадияр Мұхтарұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралды.

Мәжіліс барысында 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы сараланып, Ақсукент ауыл округіндегі кәсіпкерлік нысандардың жай-күйі талқыланды.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен сауда салаларындағы көрсеткіштерге ерекше назар аударылды. 2026 жылға жоспарланған егіс көлемі 52,2 мың гектарды құраса, есепті кезеңде 46,7 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Жалпы, жоспарланған көлем толық игеріледі деп күтілуде.

Ауыл шаруашылығы саласында 23 870,0 млн теңгенің өнімі өндіріледі деп жоспарланғанымен, нақты көрсеткіш 27 060,3 млн теңгеге жетіп, жоспар артығымен орындалды. Сауда саласында да барлық ауылдық округтер жоспарлы индикаторларға қол жеткізген. Атап айтқанда, көтерме сауда көлемі 162,7 пайызды құрады.

Жиында ауданның санитарлық тазалығы мен ирригациялық арықтардың жай-күйі де кеңінен қаралып, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеу және бақылауды күшейту қажеттігі айтылды.

Қорытындысында аудан әкімі жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, көрсеткіштердің сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ кәсіпкерлік пен инвестициялық белсенділікті арттыру бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. 

Ұқсас жаңалықтар

АУЫЛДЫ ДАМЫТУ — МЕМЛЕКЕТТІ ӨРКЕНДЕТУ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰМАУ МЕН ЖРВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ӨНЕРПАЗДАРЫ ҚАЗАҚ ӨНЕРІН ПАРИЖ ТӨРІНДЕ ШАРЫҚТАТТЫ

Redaktor Arysinfo