МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

Меншік құқығын қорғау – әр азаматтың конституциялық құқықтарының бірі әрі қоғамдағы заңдылық пен әділеттіліктің маңызды кепілі. Әр адамның адал еңбегімен тапқан мүлкі заңмен қорғалуы тиіс. Ал ұрлық, алаяқтық және бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену әрекеттеріне жол берілмеуі қажет.

Мүлікке қол сұғу – азаматтардың заңды құқықтарын бұзып қана қоймай, қоғамдағы өзара сенімге де нұқсан келтіреді. Сондықтан әрбір адам өз мүлкіне ғана емес, өзгелердің де меншік құқығына құрметпен қарап, заң талаптарын сақтауы маңызды.

Құқықтық мәдениеті жоғары қоғамда азаматтар өз құқықтары мен міндеттерін жақсы біледі, заңсыз әрекеттерге бейжай қарамайды. Бұл қоғамдық тәртіпті нығайтып, қауіпсіз әрі тұрақты ортаның қалыптасуына ықпал етеді.

Меншікке құрмет – заңға құрмет. Заң үстемдігі сақталған жерде әділеттілік орнап, азаматтардың құқықтары сенімді қорғалады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан мен Үндістан: инвестиция, туризм және медицинадағы жаңа мүмкіндіктер

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ І СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Зеленский Украинаның пайдалы қазбаларынан 50 пайызын АҚШ-қа беруден бас тартты

berdaly_oraz