ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯСЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

2026 жылғы 30 сәуірде сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы өтті. Жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыс әкімдігінің мүшелері, басқарма басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияны облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді.

Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Атап айтқанда, 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу, Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы бұрынғы шешімге толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын жаңарту мәселесі қаралды.

Сессия барысында депутаттар көтерілген мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тиісті шешімдер қабылдады.

Жиын соңында облыс әкімі Нұралхан Көшеров алдағы Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, ел ішіндегі татулық пен бірліктің маңызын атап өтті. Сондай-ақ мамыр айының ортасында Түркістанда түркі тілдес елдер президенттерінің қатысуымен маңызды жиын өтетінін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай халықаралық басқосулар өңірдің инвестициялық және туристік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Өңір басшысы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша облыстың макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң өсім сақталғанын айтты. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 119,4 пайызды құрап, республика бойынша екінші орынға шыққанын атап өтті.

Сессияда қабылданған шешімдер облыс экономикасын нығайтуға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталғаны айтылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Сарыағашта «Үлгілі ауыл» байқауында топ жарған ауылға спорт және балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Түркістанда байдарка мен каноэде есуден ересектер арасында ел чемпионаты басталды

Цифрлық құқықты қорғау бүгінгі күннің талабы – Алматы облысы мәслихатының төрағасы

berdaly_oraz