ТҮРКІСТАНДА БИЛЕР ИНСТИТУТЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Түркістан қаласында ұлттық тарих пен руханиятты дәріптейтін маңызды ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. «Ұлы Дала Елі» рухани-мәдени орталығы мен Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Сейітқұл әулие Әйтеке би қоғамдық қорларының бастамасымен өткен жиын Ордабасы құрылтайының 300 жылдығына арналды.

«Қазақ қоғамындағы билер институты: тарих және тағылым» тақырыбындағы алқалы басқосу ел тарихындағы билер институтының қалыптасуы мен даму жолын терең зерделеуге, сондай-ақ ұлт бірлігін нығайтудағы тарихи тұлғалардың рөлін кеңінен насихаттауға бағытталды.

Конференция барысында қазақ билерінің әділдік пен ел басқарудағы үлгісі, олардың құқықтық мәдениет пен қоғамдық келісімді қалыптастырудағы орны жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, бүгінгі ғылым мен қоғам үшін осы тарихи тәжірибенің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Жиынның басты мақсаты – билер институтының тарихи сабақтастығын жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы жас ұрпаққа тағылымды мұра қалдыру екені айтылды.

Ұқсас жаңалықтар

ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕН ЕҢБЕК ИЕСІНЕ ІЗЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Шымкенттік тұрғын туысын өлтіріп, анасының ауласына көміп кеткен

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 512 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Redaktor Arysinfo