ОРДАБАСЫДА ДУЛАТ ИСАБЕКОВТІҢ ЖЕКЕ ЗАТТАРЫ ТУҒАН ЖЕРІНЕ ТАБЫСТАЛДЫ

Дереккөз, фото: Ордабасы ауд әкімдігі

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның Еңбек Ері, жазушы-драматург Дулат Исабековтің көзі тірісінде тұтынған жеке заттары туған жері – Ордабасы ауданына жеткізілді.

Жазушының ұлы арнайы келіп, Шұбар ауыл округіне қарасты Аққойлы ауылындағы Ишан-базар мешіті қорына әкесінің пайдаланған заттарын табыстады.

Тағылымды кездесуге Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев қатысып, қаламгер мұрасын ұлықтаудың рухани маңызына тоқталды. Ол өз сөзінде Дулат Исабековтің қазақ руханиятындағы орны ерекше екенін атап өтіп, жазушының жеке заттарының туған жерге әкелінуін кейінгі ұрпақ үшін құнды мұра әрі өнегелі іс екенін жеткізді.

Кездесу барысында аудан әкімі жазушының ұлына Ордабасы ауданы туралы жарық көрген арнайы кітапты сыйға тартты.

Жиынға қатысушылар қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығы туралы естеліктерімен бөлісіп, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан өлшеусіз үлесін ерекше құрметпен атап өтті.

Іс-шара ұлт руханиятына қызмет еткен тұлғаның мұрасын дәріптеп, жас ұрпаққа тағылым беретін мазмұнды кездесу ретінде есте қалды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды

ТҮРКІСТАНДА ТОҚЫМА ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІ БАСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Жетісайдағы білім ордасы еліміздегі 100 үздік мектептің қатарына енді