ОРДАБАСЫДА ШӘМШІ ӘНДЕРІ ӘУЕЛЕГЕН ӘСЕРЛІ КЕШ ӨТТІ

Қазақ вальсінің королі, көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ордабасы ауданында «Арыс жағасында» атты мерекелік концерт өтті.
Арыс өзенінің жағасындағы «Шәмші» аллеясында ұйымдастырылған мәдени шараға аудан тұрғындары, жастар мен өнерсүйер қауым қатысты. Кеш барысында композитордың халық жүрегінен орын алған әндері шырқалып, ұлы сазгердің шығармашылық мұрасы кеңінен насихатталды.
Шара аясында аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы сөз сөйлеп, Шәмші Қалдаяқовтың қазақ музыка өнеріндегі айрықша орнына тоқталды. Сондай-ақ композитор мұрасын дәріптеп, кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.
Мәдени кеш барысында Шәмші Қалдаяқовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, композитор рухына тағзым жасалды.
Концерттік бағдарламада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Шәмшінің сырлы әндерін орындап, «Шабыт» би ансамблі ұлттық билерін ұсынды. Әуезді ән мен әсем биге ұласқан кеш көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, рухани әсерге бөледі.
Шәмші әндері – ұлт руханиятының алтын қазынасы. Композитордың өлмес мұрасын дәріптеу бағытындағы мұндай мәдени шаралар жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКСПОРТҚА БАҒЫТТАЛҒАН ӨНДІРІС КЕҢЕЮДЕ: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ОРДАБАСЫДАҒЫ ІРІ ЖОБАЛАРДЫ КӨРДІ

berdaly_oraz

Түркістан: «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының құрылысына қатысты мәселелер талқыланды

ШАРДАРА АУДАНЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ МЕН СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНҒАН МӘЖІЛІС ӨТТІ