ПОЛИЦИЯ ТАЗАЛЫҚ ТӘРТІБІН САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ

«Таза Қазақстан» жобасы аясында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, тазалық пен абаттандыру талаптарының орындалуын бақылау бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Соның ішінде Арыс ауданында жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластау және тыныштықты бұзу фактілері бойынша 94 жайт, абаттандыру қағидаларын бұзудың 214 жайты анықталған.

Мәселен Арыс қаласы көшелерінің бірінде тұрғын үй аумағына құрылыс қалдықтарының белгіленбеген жерде жиналғаны анықталды. Полиция қызметкерлері құқық бұзған тұрғынға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аумақты ретке келтіруді қамтамасыз етті.

Осы ретте тәртіп сақшылары тұрғындарға тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастау фактілеріне жол бермеуге шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Беларусь биржалық сауда арқылы экономикалық байланыстарды нығайтуда

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН 7 АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ӨЛШЕУ СТАНЦИЯСЫ ОРНАТЫЛАДЫ

berdaly_oraz

Елімізде енді мопед міну – жай ермек емес

berdaly_oraz