ШЫМКЕНТТЕ 420 ЖҰМЫССЫЗ ТҰРҒЫН КӘСІПТІК ОҚУДАН ӨТІП ЖАТЫР

Дереккөз, фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкент қаласында биыл 610 жұмыссыз тұрғынды кәсіптік оқуға жолдау жоспарланған. Оның ішінде 450 адам білім беру ұйымдарында, ал 160 адам жұмыс орындарында оқытылмақ.

Қазіргі таңда кәсіптік оқуға 420 азамат жолданып, түрлі мамандықтарды меңгеріп жатыр. Бағдарлама аясында қатысушылар еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша білім алуда.

Мәселен, Сәнді-Өмір оқу орталығында 20 жұмыссыз тұрғын білім алып жатыр. Олардың бесеуі визажист, оны шаштараз-стилист, ал бес адам тігінші мамандығын меңгеруде.

Оқу барысында қатысушылар алдымен теориялық білім алып, кейін тәжірибелік сабақтарға қатысады. Ал жұмыс берушілер базасында ұйымдастырылған оқу тәжірибелік форматта өтеді. Бағдарламаға қатысушыларға мемлекет тарапынан ай сайын шәкіртақы төленеді.

Атап айтқанда, білім беру ұйымдарында оқитын азаматтарға 43 574 теңге көлемінде шәкіртақы қарастырылған. Ал жұмыс орындарында білім алып жүрген қатысушыларға 20 АЕК көлемінде, яғни 86 500 теңге жалақы төленеді.

Сонымен қатар кәсіптік оқуға қатысушыларға 075 анықтамасын рәсімдеуге кеткен шығынды өтеу үшін 8 650 теңге көлемінде бір реттік көмек беріледі.

Қазіргі уақытта жұмыссыз тұрғындарды кәсіптік біліммен қамту үшін жұмыс берушілерден өтініш қабылдау жалғасуда. Жиналған өтініштер өңірлік комиссияның қарауына ұсынылады. Комиссияның оң шешімі шыққан жағдайда азаматтар кәсіптік оқуға жіберіледі.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 51 СПОРТ НЫСАНЫ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

berdaly_oraz

Түркістан: өндірісті дамыту, әріптестікті нығайту бойынша келіссөз жүргізілді

Бейбарыс Қаблан — таеквондодан (WT) Әлем чемпионы атанды

Redaktor Arysinfo