ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН

Дереккөз, фото: Түркістан қаласы әкімдігі

Түркістан қаласы Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті қарсаңында ерекше қарқынмен жаңарып, халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шараны қарсы алуға дайындық жұмыстарын күшейтуде.

Соңғы жылдары көне шаһарда жүргізілген ауқымды инфрақұрылымдық және абаттандыру жобалары қаланың келбетін айтарлықтай өзгертіп, Түркістанды түркі әлемінің рухани әрі мәдени орталықтарының біріне айналдырды. Қала көшелері мен қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіп күшейтіліп, қонақтарды қабылдауға арналған нысандар ретке келтірілуде.

Тарихи-мәдени орындар, заманауи сәулет нысандары мен туристік аймақтар шаһардың ерекше болмысын айқындай түседі. Әсіресе Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы аумақ пен жаңа қоғамдық кеңістіктер қала тұрғындары мен туристер көп жиналатын орындарға айналған.

Саммит қарсаңында Түркістанның түнгі көрінісі де айрықша сәнге бөленіп, жарықтандырылған көшелер мен инсталляциялар қаланың көркін аша түскен. Бұл жұмыстар өңірдің туристік әлеуетін арттырумен қатар, халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізу мүмкіндігін де кеңейте түсуде.

Түркістан бүгінде тек тарихи қала ғана емес, түркі дүниесін байланыстыратын маңызды рухани және мәдени орталық ретінде дамып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте бұрын сотталған ер адам 2-сынып оқушысына азғындық жасады

ҚАРАБҰЛАҚ АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

berdaly_oraz

Азамат Әмрин Ұлттық экономика министрлігінде жоғарылады. Енді ол вице-министр емес, бірінші вице-министр қызметін атқарады.

berdaly_oraz