АРЫС: ЖИДЕЛІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін Арыс қаласынга қарасты Жиделі ауылдық округінде Дүниежүзілік тазалық күніне орай ауыл аумағын абаттандыру және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету мақсатында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Тазалық шарасы барысында ауылдың негізгі көшелері мен қоғамдық орындардың маңайы шөптерден, тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардан тазартылды. Сонымен қатар елді мекеннің көркін жақсарту және санитарлық тазалықты сақтау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Сенбілікке ауылдық округтегі мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары белсене қатысып, туған ауылдың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.

Тазалық жұмыстары барысында тұрғындар аумақтарды ретке келтіріп, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Мұндай шаралар ауылдың санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындар арасында экологиялық мәдениет пен ортақ жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

4 Маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

berdaly_oraz

Түркістан облысы мен China Railway Asia-Europe — стратегиялық серіктестікке жол ашты

Тоқаев Түрікменстанға барып қайтты