ТАЗА АУМАҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Қоғамдықбақылау – экологиялықмәселелердіанықтаудыңғанаемес, олардышешугеазаматтардыжұмылдырудың да тиімдітетігі.

Қоршағанортаныңтазалығы мен елдімекендердіңсанитариялықжағдайы – әрбіртұрғынныңөмірсапасынатікелейәсерететінмаңыздымәселелердіңбірі. Заңсызқоқысорындары, тұрмыстыққалдықтардыңуақытылышығарылмауы, контейнер алаңшаларыныңталапқа сай болмауы, арықтар мен су арналарыныңластануы – жергіліктідеңгейдетұрақтыназараударудықажетететінмәселелердің бірі. Мұндаймәселелердішешудемемлекеттікоргандарменқатаразаматтыққоғаминституттарының, Қоғамдықкеңестердіңжәнебелсендітұрғындардыңқатысуыерекшемаңызғаие.

Осы бағыттағыжұмыстыжандандырумақсатындаТүркістаноблысында «Таза аумақ – қоғамдықбақылауда» әлеуметтікжобасыжүзегеасырылуда.Аталған жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігінің «Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу» саласыбойынша2026 жылға арналған «Қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыру» басым бағыты аясында шағын гранттар беру конкурсының жеңімпазы атанды.Жобаның жүзеге асырылу аумағына Түркістан және Кентау қалалары мен Сауран ауданы кіреді.

Жобаның басты мақсаты – аталған аумақтардағы экологиялық және санитариялық жағдайға жүйелі қоғамдық мониторинг жүргізу арқылы қоғамдық бақылау тәжірибесін дамыту, анықталған проблемаларды жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың назарына жеткізу, олардың шешілу барысын бақылау және тұрғындардың экологиялық қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға қатысуын арттыру.

Жоба аясында қоғамдық кеңес мүшелері мен белсенді азаматтарға арналған оқыту тренингтері өткізілді. Қатысушылар қоғамдық экологиялық бақылаудың маңыздылығы, қоршаған ортаға қатысты мәселелерді анықтау, оларды тиісті органдарға жеткізу және шешілу барысын бақылау жөнінде білімдерін толықтырды.

Сонымен қатар, қоғамдық бақылау жұмыстарын жүйелі жүргізуге бағытталған «Таза аумақ – қоғамдық бақылауда» атты практикалық әдістемелік нұсқаулық әзірленді. Онда экологиялық мониторинг жүргізу, анықталған мәселелерді тіркеу және оларды шешу бойынша ұсыныстар берілген. Нұсқаулық қоғамдық кеңес мүшелеріне, үкіметтік емес ұйымдарға, еріктілер мен белсенді азаматтарға арналған.

Жобаның келесі кезеңінде Түркістан және Кентау қалалары мен Сауран ауданы аумағында далалық қоғамдық мониторинг жүргізілді. Оның барысында экологиялық және санитариялық мәселелер анықталып, тиісті органдарға арнайы жүгініп, олармен бірлесіп шешу жолдары қарастырылуда.

«Таза аумақ – қоғамдық бақылауда» жобасы тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттырып, қоршаған ортаны қорғау ісіне қоғамның қатысуын кеңейтуге бағытталған. Өйткені таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – тек мемлекеттік органдардың емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысына тартылған инвестиция көлемі 7 жылда 4,2 есеге артты

Қасым-Жомарт Кемелұлы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Redaktor Arysinfo

Түркістан импортты алмастыруға бет бұрды: өңірде алғашқы заманауи ламинат зауыты ашылды

Redaktor Arysinfo