Тоғансай ауылында тазалық жұмыстары жүргізілді

Тоғансай ауылында тазалық жұмыстары жүргізілді

Монтайтас ауылдық округіне қарасты Тоғансай ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Шара барысында елді мекеннің тазалығын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды.

Сенбілікке мекеме қызметкерлері қатысып, ауыл ішіндегі аумақтарды және қоршаулардың сыртындағы жерлерді қоқыстан тазалады. Жиналған қалдықтар ретке келтіріліп, айнала абаттандырылды.

Экологиялық шараның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарына жайлы әрі таза орта қалыптастырумен қатар, азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру. Сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті дамытуға және қоғамдық орындарға ұқыпты қарауды насихаттауға мән берілді.

Ұйымдастырушылар тазалықты сақтау әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар елді мекеннің көркеюіне және тазалық мәдениетінің қалыптасуына бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда дарынды балалармен кездесу өтті

ҚАРНАҚТА ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙДІ: ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

ОРДАБАСЫДА ШӘМШІ ӘНДЕРІ ӘУЕЛЕГЕН ӘСЕРЛІ КЕШ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo