Астанада ЖСН саудасы әшкереленді

Астанада шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) заңсыз рәсімдеумен айналысқан қылмыстық схема анықталды.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер 2024–2025 жылдары өтініш берушілердің Қазақстанға келуінсіз-ақ ЖСН алуға көмектескен. Заң талаптарын айналып өткен бұл әрекет құқық қорғау органдарының назарына ілігіп, нәтижесінде заңсыз қызметтің жолы кесілді.

Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл жағдай мемлекеттік қызметтерді цифрландыру кезеңінде бақылау мен қауіпсіздік тетіктерін күшейтудің маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС: ҚАЙСАР МАҢҚАРАЕВ: «АЙНАЛАНЫ АБАТТАНДЫРУ-ОРТАҚ МІНДЕТ»

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШТЕРІ ЗАҢ НЕГІЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ

berdaly_oraz

Түркістанда «II Қазақ тілі – ғылым тілі: жасанды интеллект және терминология» симпозиумы басталды

Альфия Адамбек