ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бахтиер Ибрагимовпен кездесті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қатысты маңызды мәселелер талқыланды.

Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет және туризм салаларындағы әріптестікті нығайту бағыттарына назар аударды. Сонымен қатар тауар айналымын арттыру, бірлескен өндірістер құру және өңіраралық байланысты күшейту мәселелері сөз болды.

Бұл бастамалар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев арасындағы жоғары деңгейдегі келісімдер аясында жүзеге асып келеді. Екі ел басшыларының өзара сенімі мен серіктестігі өңірлік ынтымақтастықтың дамуына оң әсер етуде.

Кездесу барысында Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті таныстырылып, жаңа өндіріс орындарын ашу және шетелдік инвестицияларды тарту мүмкіндіктері қаралды. Сондай-ақ өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар, оның ішінде мақта-тоқыма кластерін дамыту жұмыстары атап өтілді.

Облыс басшысы Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші рөлін ерекше атап өтті. Өңір республика бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде алдыңғы қатарда. Сонымен қатар ет экспорты бойынша да жоғары көрсеткіштерге ие.

Өз кезегінде елші Бахтиер Ибрагимов Түркістан облысының әлеуетін жоғары бағалап, екі ел арасындағы серіктестікті одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, Түркістан қаласы өзбекстандықтар үшін тарихи әрі рухани маңызы бар мекен, сондықтан туризм саласында бірлескен жобаларды дамытуға қызығушылық жоғары.

Бүгінде Түркістан облысында инвестиция тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Өңірде индустриялық аймақтар мен арнайы экономикалық аймақтар жұмыс істеп, инвесторларға қолайлы жағдай жасалған.

Ұқсас жаңалықтар

КӨПҰЛТТЫ МӘДЕНИЕТ ТОҒЫСҚАН МЕРЕКЕ АРЫСТА АТАЛЫП ӨТТІ

БЕЛДІ БІЛІМ ОРДАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН РЕФЕРЕНДУМ ЖАЙЫ КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРІЛДІ

berdaly_oraz

Арыста 8 наурыз мерекесіне орай аналарға құрмет көрсетілді

berdaly_oraz