ТҮРКІСТАННЫҢ ТОҚЫМА САЛАСЫНА ЖАҢА СЕРПІН

Түркістан облысы шетелдік инвестиция тартуда жаңа кезеңге қадам басты. Қытайдың ірі өнеркәсіптік алпауыттары – Lihua Group пен Huafang компаниялары өңірдегі жобаларын кеңейтуге ниетті.

Нанкин қаласында өткен кездесуде облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен қытайлық инвесторлар мақта-тоқыма кластерін дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашу және экспорт көлемін ұлғайту мәселелерін талқылады.

Қазіргі таңда құны 146,6 млрд теңгені құрайтын мақта-тоқыма кластері Түркістан облысындағы ең ірі индустриялық жобалардың біріне айналды. Жоба мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашып, өңір экономикасының дамуына серпін бермек.

Сарапшылардың пікірінше, Түркістан мен Қытай арасындағы әріптестіктің нығаюы облыстың өндірістік әлеуетін арттырып, Қазақстанның экспорттық мүмкіндігін кеңейтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Дропперство и схемы money mule: когда чужие деньги становятся вашей проблемой

berdaly_oraz

Мас жүргізуші үш адамның өмірін жалмады: Арыстағы қайғылы оқиға қоғамды дүр сілкіндірді

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ БАҒЫТЫНДА ОҢ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТУДЕ

berdaly_oraz