ТҮРКІСТАНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Дереккөз, фото: Түркістан қаласы әкімдігі

Түркістан қаласында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Қала келбетін жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында кең көлемді жұмыстар атқарылып жатыр.

Жалпы қала аумағында 2 миллионға жуық гүл көшеттері отырғызылды. Олардың қатарында шалпей, петуния, бархатцы, циннея, виола, катарантус, колеус және целлозия секілді біржылдық және көпжылдық сәндік гүлдер бар.

Көгалдандыру жұмыстары қаланың негізгі кіреберіс аймақтарын, Әкімшілік-іскерлік орталық аумағын, мәдени-рухани нысандар маңын, халықаралық және жергілікті туристік орындарды, сондай-ақ орталық көшелер мен қоғамдық кеңістіктерді қамтиды.

Аталған шаралар қала аумағын көркейтіп қана қоймай, экологиялық ахуалды жақсартуға және тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы Харбин-2025 ойындарының күміс жүлдегері атанды

berdaly_oraz

Монтайтас: Шағыр ауылының тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Redaktor Arysinfo

Шымкентте әскери қызметшілер «Даңқ» мемориалын тазалады