Түркістанда халықаралық білімнің жаңа дәуірі: Woosong Kazakhstan University болашақ IT мамандарын даярлауда

дереккөз фото:Түркестан обл әкімідігі

Түркістан қаласында халықаралық деңгейдегі Woosong Kazakhstan University студенттерді қабылдауды жалғастыруда. Бұл оқу орны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген білім беру сапасын арттыру, заманауи технологияларды енгізу және бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау міндеттерін жүзеге асыру бағытындағы маңызды жобалардың бірі саналады.

Корея Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Woosong University негізінде құрылған университет Түркістанды халықаралық білім беру және инновация орталығына айналдыруға үлес қоспақ. Қазіргі таңда мұнда «Жасанды интеллект» және «Деректер туралы ғылым» мамандықтары бойынша білім беріледі.

Университеттің басты ерекшелігі – қос диплом бағдарламасы. Студенттер оқу кезеңінің бір бөлігін Түркістанда, қалғанын Оңтүстік Кореяда оқып, екі жоғары оқу орнының дипломын алу мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы шетелдік серіктес университеттерде білімін жетілдіре алады.

Алғашқы оқу жылында 107 студент қабылданып, олардың 100-і Түркістан облысы әкімдігі бөлген грантпен білім алуда. Жобалық қуаты 2000 студентке арналған білім ордасына алғашқы кезеңде-ақ 400-ге жуық талапкер құжат тапсырған.

Бұл бастама өңірдегі цифрлық технологиялар саласының дамуына серпін беріп қана қоймай, Қазақстан жастарына әлемдік деңгейдегі білім алуға жол ашып отыр. Түркістан енді тек рухани орталық қана емес, халықаралық білім мен инновацияның жаңа мекеніне айналуда.

Ұқсас жаңалықтар

41 білім беру мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары басталды

Сарыағаштық боксшы халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН КЕШЕНДІ ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНУДА

berdaly_oraz