Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне арналған баспасөз орталығы жұмысын бастады

Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммитінің басталуына санаулы уақыт қалды.

Қазір арнайы ұйымдастырылған баспасөз орталығында әлемнің әр түкпірінен келген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жұмыс істеп жатыр. Жалпы саны 500-ге жуық журналист аккредитациядан өткен. Оның ішінде 100-ден астамы – шетелдік БАҚ өкілдері.

Халықаралық жиын барысында түркі елдері арасындағы ынтымақтастық, экономика, сауда, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланады деп күтілуде.

📺 Саммитте қандай маңызды мәселелер көтерілді? Толығырақ 20:00-де «Ақпарат» бағдарламасынан көре аласыздар.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістанда триатлонды дамыту мәселелері талқыланды

berdaly_oraz

Нұралхан Көшеров «Қазқайтажаңарту» басшысымен тарихи жобаларды талқылады