ТҮРКІСТАНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН «ТҮРКІСТАН САҚШЫЛАРЫ» МУЛЬТФИЛЬМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Түркістан қаласында заманауи технологиялар мен шығармашылықты ұштастырған ерекше жоба көпшілікке жол тартты. Жасанды интеллект көмегімен әзірленген «Түркістан сақшылары» атты мультфильмнің тұсаукесері өтіп, көрермен назарына ұсынылды.

Жаңа туынды – өңірдегі цифрлық мүмкіндіктердің дамып келе жатқанын айғақтайтын тың бастама. Мультфильмде қауіпсіздік, тәртіп және қоғамдағы жауапкершілік тақырыптары заманауи форматта көркем бейнеленген. Әсіресе жас буынға тәрбие беруге бағытталған мазмұны арқылы жоба өзектілігімен ерекшеленеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл мультфильмді дайындауда жасанды интеллект кеңінен қолданылып, кейіпкерлерді жасау, сценарий құрастыру және визуалды шешімдерді әзірлеу барысында жаңа технологиялардың мүмкіндігі тиімді пайдаланылған. Нәтижесінде көрерменге сапалы әрі тартымды өнім ұсынылды.

Тұсаукесер барысында жоба авторлары шығармашылық топтың еңбегін таныстырып, алдағы уақытта осындай цифрлық жобаларды көбейту жоспарда бар екенін атап өтті. Бұл бастама өңірде IT саласы мен креативті индустрияның дамуына серпін бермек.

Жалпы, «Түркістан сақшылары» мультфильмі – дәстүрлі құндылықтарды заманауи технологиямен үйлестірген тың туынды ретінде бағалануда.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда “Ана мен бала” орталығы және оңалту орталығы бой көтеруде

Түркістан: «Тұран су» мекемесінің өндірістік-техникалық базасының жұмысы пысықталды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ІРІ ҚАРА СҮЙЕГІН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ АШЫЛАДЫ

Redaktor Arysinfo