Түркістанда зорлық-зомбылыққа қарсы челлендж өтті

Түркістан облысының полицейлері республикалық «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» челленджіне үн қосты. ҚР ІІМ бастамасымен ұйымдастырылған бұл акцияны Түркістан тәртіп сақшылары Павлодар облысынан қабылдап, «Түркістан Арена» стадионында ауқымды флешмоб өткізді.

Шараға құқық қорғау органдары қызметкерлерімен қатар, жасөспірімдер, еріктілер, мемлекеттік қызметшілер мен қала жастары қатысты. «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» деген ұранмен басталған акция бейбіт әрі құрметке негізделген отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталды.

Бұл бастама қоғамдағы зорлықтың алдын алуға, салауатты қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға, әр отбасының қауіпсіздігі мен берекесін арттыруға ықпал етпек. Түркістан облысының полиция департаменті эстафетаны Батыс Қазақстан облысына жолдап, ізгі тілектерін білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында бір жылда 5 жаңа индустриалды аймақ құрылды

berdaly_oraz

Елімізде енді мопед міну – жай ермек емес

berdaly_oraz

Шардара су қоймасын қорғау шаралары нәтижесінде 20-дан астам құқық бұзушы анықталды