Талдықорғанда есірткі таратумен айналысқан ерлі-зайыпты қолға түсті

дереккөз фто:Aikyn.kz.

Талдықорған қаласында есірткі заттарын заңсыз таратты деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер мессенджерлердің бірі арқылы белгісіз куратордан тапсырмалар алып отырған. Олар тыйым салынған заттарды қала аумағындағы әртүрлі жасырын орындарға қалдырып, кейін олардың орналасқан жерін тапсырыс берушілерге жіберіп отырған деген күдікке ілінді.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында күдіктілер ұсталып, олардың әрекеттеріне қатысты тергеу басталды. Қазіргі таңда тәркіленген заттарға сараптама тағайындалып, қылмыстың барлық мән-жайы анықталуда.

Мамандар есірткі саудасының интернет пен мессенджерлер арқылы жүргізілуі қазіргі таңда ең өзекті қауіптердің бірі екенін атап өтеді. Сондықтан азаматтарды күмәнді ұсыныстардан сақ болып, заңсыз әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «TUR WORKOUT – ТӘРТІПКЕ ТАРТЫЛ» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ЖОБАСЫ ЖЕТІСАЙДАН БАСТАУ АЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны

berdaly_oraz

Сарыағаш тұрғындары облыс әкімімен кездесуде өзекті мәселелерді көтерді

berdaly_oraz