ҚАЗЫҒҰРТТА БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Дереккөз фото Қазығұрт ауданы әкімдігі

Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов пен аудан прокуроры Руслан Абдраимовтың төрағалығымен білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен алқа мәжілісі ұйымдастырылды.

Жиын барысында Қазығұрт аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Омартай 2024–2025 оқу жылының 3- тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен негізгі көрсеткіштердің орындалу барысы туралы баяндама жасады. Сонымен қатар білім саласындағы жетістіктер, құқықбұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы суицидтің профилактикасы бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ аудан аумағындағы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы мен санитарлық жағдайына қатысты мәселелер бойынша аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру — инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімшесінің бас инспекторы Дінмұхаммед Көпжасар баяндама ұсынды.

Мәжіліс барысында аудан әкімі мен аудан прокуроры баяндамашыларға нақты сұрақтар қойып, анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, құқықбұзушылықтың алдын алу, тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру, сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы тәртіп пен тазалықты күшейту мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігі атап өтілді.

Жиын қорытындысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы 4- тоқсан нәтижелерімен қайта қаралып, көрсеткіштерге сәйкес тиісті бағалау жүргізілетіні айтылды

Ұқсас жаңалықтар

Құрылыс қарқыны сынға түсті: Сарыағашта мәдениет үйі мен әлеуметтік нысандардың жұмысы бақылауға алынды

Redaktor Arysinfo

Қала мен ауыл арасындағы алшақтық: «Әділет» партиясы өңірлік дамудың жаңа басымдықтарын талқылады

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢҒА ЖУЫҚ УЧАСКЕ ЖҰМЫС ЖАСАП ЖАТЫР

Redaktor Arysinfo