ҮКІМЕТ ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ҚОЛДАУДЫ КҮШЕЙТЕДІ: 200 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Үкімет үйінде Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен отандық өндірісті дамыту және қолдау мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Жиында отандық кәсіпорындардың әлеуетін арттыру, қазақстандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін күшейту және ішкі нарықта жергілікті тауарларға сұранысты қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Премьер-министр Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында отандық өнімдер мен компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ елімізде өндірілетін тауарларға, соның ішінде мемлекеттік сатып алу арқылы тұрақты сұраныс қалыптастыруға ерекше мән берілгенін атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында отандық өнімдер мен компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, елімізде шығарылатын өнімдерге, оның ішінде мемлекеттік сатып алу арқылы кепілді сұранысты қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударды, – деді Олжас Бектенов.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев саладағы қазіргі ахуал мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Министрлік мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың алғашқы 10 айында өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 9,3 пайызға артқан.

Сонымен қатар 2026 жылға жоспарланған 200 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл бастамалар нәтижесінде 17,3 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туады.

Үкімет отырысында отандық өндірісті өркендету, инвестициялық жобаларды жүйелі іске асыру және қазақстандық кәсіпорындардың нарықтағы үлесін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру мәселелері күн тәртібіне шығарылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда шегірткеге қарсы майдан: әр гектар – бақылауда

Альфия Адамбек

ШЕТ ЕЛДЕГІ АЗАМАТТАР МӘСЕЛЕСІ: ЖЕКЕ ІС ПЕ, ЖҮЙЕЛІ САБАҚ ПА?

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІНДЕГІ ХҚКО ЖӘНЕ МХҚКО ЖҰМЫС КЕСТЕСІ ЖАРИЯЛАНДЫ

berdaly_oraz