ЯСАУИ МҰРАСЫ БАКУДЕ: ТҮРКІСТАННЫҢ КӨНЕ ТАРИХЫ ӘЗЕРБАЙЖАНДА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«Көгілдір күмбез құпиясы» көрмесі Түркістанның тарихи-мәдени мұрасын халықаралық деңгейде танытуға жол ашты

Әзербайжан астанасы Бакуде Түркістанның тарихи-мәдени мұрасы мен Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасына арналған «Көгілдір күмбез құпиясы» халықаралық көрмесі ашылды.

Әзербайжан ұлттық тарих музейінде ұйымдастырылған көрмені Қазақстанның «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы әзірлеген. Мәдени жоба Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тарихи әрі рухани байланысты жаңа қырынан танытуға бағытталған.

Көрме Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу, сақтау және халықаралық деңгейде кеңінен таныту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асқан. Жобаға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрлігі және Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры қолдау көрсеткен.

Көрме төрінен XII ғасырдан сақталған түпнұсқа терракота тақташалары, XIV ғасырдағы жылтыраған қаптама үлгілері, майолика мен мозаика бұйымдары орын алды. Сонымен қатар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі куфи жазулары мен араб каллиграфиясын бейнелейтін фотоматериалдар көпшілік назарына ұсынылды.

Экспозицияның басты ерекшелігі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің екі макеті. Оның бірінде кесененің ішкі құрылымы мен негізгі бөлмелерінің орналасуы көрсетілсе, екіншісінде тарихи нысанның тұтас сәулеттік келбеті бейнеленген.

Көрменің арнайы бөлімі ұлы ойшылдың рухани және зияткерлік мұрасына арналған. Мұнда көне қолжазбалар, тарихи деректер, шежірелік «Насабнама» және Ясауи ілімінің түркі халықтарының рухани дүниесіне ықпалын көрсететін ізбасарларының еңбектері қойылған.

Бұл экспозиция – көне жәдігерлерді көрсету ғана емес, Түркістаннан бастау алған рухани құндылықтардың кең ауқымын таныстыруға мүмкіндік беретін мәдени диалог алаңы.

Іс-шара барысында «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мен Әзербайжан ұлттық тарих музейі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат аясында мәдени мұраны сақтау және зерттеу, мамандар алмасу, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ортақ мәдени жобаларды жүзеге асыру

Ұқсас жаңалықтар

Жеңістің 80 жылдығына орай Райымбек Сейтметов театрында жаңа қойылым көрерменге жол тартты

Ордабасы ауданында 1 мектеп республика көлеміндегі үздік мектептер қатарына енді

Сөре мен кассадағы баға сәйкес келмесе, тұтынушы не істеуі керек?

Redaktor Arysinfo