Заң үстемдігі – полиция қызметінің басты қағидасы

Түркістан облысы Полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025–2030 жылдарға арналған «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын», «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын түсіндіруге арналған арнайы іс-шара өтті.

Жиын барысында 100-ге жуық полиция қызметкеріне заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті нығайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидаттарын орнықтыру бағытындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету және цифрлық технологияларды кеңінен енгізу мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысында жеке құрамға заң талаптарын бұлжытпай орындау, қызметтік тәртіп пен кәсіби әдеп нормаларын сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жауапкершілікті күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктелді.

Бұл шара полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, қоғамда заң мен тәртіп құндылықтарын нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы маңызды қадамдардың бірі болды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандағы реновациядан өтіп жатқан мектептердің құрылысы қадағаланды

«Ұлыстың ұлы күні – ауылда»: Монтайтас тұрғындары Наурызды ұлттық нақышта атап өтті

berdaly_oraz

Байекеев Тоқберген Талипханұлы- Ақдала ауылдық округі әкіміне кандидат

Redaktor Arysinfo