дереккөз фото: Aikyn.kz.
Астанадағы Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігі қысқа уақыт ішінде қаладағы ең танымал қоғамдық көлік түрлерінің біріне айналды. Іске қосылғаннан бері бұл жүйемен 3,1 миллионнан астам жолаушы қатынаған.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жеңіл рельсті көлікті күн сайын орта есеппен 70 мыңға жуық адам пайдаланады. Бұл жаңа көлік жүйесіне елорда тұрғындары мен қонақтары тарапынан сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.
Жолаушылар бағыттардың қолайлылығын, жол жүру уақытының едәуір қысқарғанын және сапардың жайлылығын оң бағалап отыр. Соның нәтижесінде Tarlan Astana елорданың көлік инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналды.
Қазіргі таңда жобаны кеңейту жұмыстары да басталған. Екінші кезең аясында Tarlan Astana желісін Қосшы қаласына дейін жеткізу жоспарланып отыр.
