Шомылу маусымы: 69 баланың қазасы қоғамды алаңдатты

Қазақстанда жазғы шомылу маусымы басталғалы бері судағы қауіпсіздік мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, осы уақытқа дейін су айдындарында 69 бала қаза тапқан. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі ата-ананың қарауынсыз қалған балалардың және шомылуға тыйым салынған орындарға барғандардың қатысуымен болған.

Мамандардың айтуынша, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ең алдымен ересектердің жауапкершілігі. Рұқсат етілген жағажайларды ғана таңдау, балаларды қараусыз қалдырмау, мас күйде суға түспеу және қауіпсіздік ережелерін сақтау – адам өмірін сақтап қалатын негізгі талаптар.

ТЖМ өңірлерде рейдтік іс-шараларды күшейтіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, судағы қауіпсіздік талаптарын бұзған азаматтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Құтқарушылар қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін тұрғындарды сақ болуға шақырады

Ұқсас жаңалықтар

Байекеев Тоқберген Талипханұлы- Ақдала ауылдық округі әкіміне кандидат

Redaktor Arysinfo

КУБАДАН КЕЛГЕН ӘНШІ ТҮРКІСТАНДА ТОЙТАРЫС ЖАСАДЫ: «VOICE OF TURAN – 2026» БАС ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысының әкімі Азия чемпиондарына құрмет көрсетті