Нұрдәулет Сейілбеков әлемдік додада қола жүлдеге қол жеткізді

Қазақстандық жас балуан Нұрдәулет Сейілбеков еркін күрестен Братиславада өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында қола медаль иеленді.

74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз үшінші орын үшін болған белдесуде Италия балуаны Алессио Перентиннен басым түсті. Осылайша, Нұрдәулет әлемдік додада ел қоржынына кезекті жүлдені салды.

Қазақстан құрамасы еркін күрестен U20 әлем чемпионатын үш медальмен аяқтады. Бұған дейін Бекасыл Асамбек 61 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдеге ие болса, Нұрасыл Асамбек 57 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алған.

Жас балуандардың бұл жетістігі – қазақ күресінің халықаралық аренадағы беделінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда байдарка мен каноэде есуден ересектер арасында ел чемпионаты басталды

Қазақстандық жас дзюдошылар әлемді мойындатты: 11 медаль үшін сый-құрмет көрсетілді

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАННЫҢ ҚОС САЙЫПКЕРІ АЗИЯНЫҢ АСҚАРЫН АЛДЫ!

Redaktor Arysinfo