Еліміздің бір облысында 510 бас ірі қарадан бруцеллез анықталды

Қостанай облысында 510 бас ірі қарадан бруцеллез анықталды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Соңғы жағдай — Меңдіқара ауданы Қызылту ауылында тіркеліп, 132 бастан алынған сынаманың бесеуі оң нәтиже көрсетті. Ауылға шектеу шаралары енгізілуі мүмкін.

Қазір мамандардың айтуынша облыста жағдай тұрақты.

Ал Солтүстік Қазақстанда 68 бас малдан індет анықталды. Оның 58-і Есіл ауданы Бірлік ауылында тіркелген. Елдімекенде шектеулер қойылып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Ветеринарлар індет ошағын оқшаулап, әр 15-20 күн сайын қан алу арқылы бақылау жүргізіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

МӘМС: ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУДАҒЫ ТИІМДІ ЖҮЙЕ

Redaktor Arysinfo

Аяғы ауыр әйел көлік жүргізе ала ма? Дәрігерлер қауіпсіздік белдігін тағуға кеңес береді

Redaktor Arysinfo

Арыста жаңа оқу жылына орай мектеп жәрмеңкесі өтеді

berdaly_oraz