МАҚТААРАЛ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Дереккөз, фото: Мақтаарал ауд әкімдігі

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Мақтаарал ауданында мазмұнды әрі тағылымы терең іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл күндер ел қорғаған ерлерге құрмет көрсетіп, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын маңызды мерекелер ретінде кеңінен аталып өтті.

Мерекелік шаралар аудан орталығындағы «Даңқ» аллеясында басталды. Іс-шараға аудан әкімі Бақыт Асанов, құқық қорғау органдарының басшылары, әскери бөлім өкілдері, тыл және Ауған соғысының ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, әскери-патриоттық ұйым мүшелері мен аудан тұрғындары қатысты.

Жиналған қауым Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарды және ел тыныштығы жолында ерлікпен қаза болған батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, Мәңгілік алау ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұл тағзым рәсімі – ұрпақтар сабақтастығы мен тарихи жадының сақталуының айқын көрінісі.

Мерекелік бағдарлама аудандық мәдениет үйінде жалғасты. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, ерекше рухта өтті. Аудан әкімі Бақыт Асанов жиналған қауымды қос мерекемен құттықтап, Отан қорғаушылар мен ардагерлердің ел тарихындағы орны мен еңбегін атап өтті. Сондай-ақ, бейбіт өмір мен тұрақтылықтың маңызын айтып, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзектілігіне тоқталды.

Жиын барысында ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, құқық қорғау және әскери салаларда табысты еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды. Бұл – олардың еңбегіне көрсетілген құрмет пен ризашылықтың белгісі.

Іс-шара мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Патриоттық әндер мен соғыс жылдарын еске түсіретін музыкалық туындылар көрерменге ерекше әсер сыйлап, ел қорғаған батырлардың ерлігіне тағзым ретінде қабылданды.

Жалпы, ұйымдастырылған іс-шаралар жоғары деңгейде өтіп, аудан тұрғындарының бойында патриоттық сезімді нығайтуға және тарихи жадыны жаңғыртуға ықпал етті.

Ұқсас жаңалықтар

Ә.БӨКЕЙХАНОВ — ТАРИХТАҒЫ ДАРА ТҰЛҒА

berdaly_oraz

 ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН АУДАРЫМДАР КӨЛЕМІ ҚЫСҚАРДЫ

Мінбер мінбер ме, әлде мінәжат орны ма?