Түркістанда идеология мәселесі талқыға түсті: нақты міндеттер айқындалды

дереккөз фото: Түркестан обл әкімдігі

Түркістан облысы әкімдігінің мәжіліс залында аудан, қала әкімдерінің идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары мен облыстық басқарма басшыларының қатысуымен идеологиялық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жиынды облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ашып, өңірдегі идеологиялық жұмыстардың басым бағыттарына тоқталды. Кеңес барысында қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, жастар саясатын жетілдіру, мәдениет, білім, денсаулық сақтау, спорт және дін салаларындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Отырыста Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Жанәбіл өңірдегі идеологиялық жұмыстың қазіргі ахуалы мен алдағы жоспарлары жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, мәдениет басқармасының басшысы Бақытжан Садықов, білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов, Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы және өзге де жауапты тұлғалар өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді таныстырды.

Кеңес барысында қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Әсіресе жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қоғамдық келісімді нығайту және ақпараттық кеңістіктегі идеологиялық жұмысты күшейту мәселелеріне басымдық берілді.

Жиын қорытындысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы Мемлекет басшысының идеологиялық жұмысты тек ақпарат тарату деңгейінде қалдырмай, тәрбие, мәдениет, білім беру, әлеуметтік және рухани бағыттарды кешенді түрде қамту жөніндегі тапсырмасын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, өңірдегі идеологиялық жұмысты жүйелі әрі нәтижелі жүргізудің маңыздылығы айтылды.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев жаңа салық кодексі туралы заңға қол қойды

Шымкенттік спортшылар Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТРАНСПОРТТЫҚ-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo