Түркістанда журналистердің VIII спартакиадасы өтті

дереккөз фото: Түркестан обл әкімдігі

Түркістан облысында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай дәстүрлі журналистер спартакиадасы ұйымдастырылды. Сегізінші рет өткен спорттық шара ақпарат саласының өкілдерін бір алаңға жинап, әріптестік байланысты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

Спартакиада облыстық қоғамдық даму басқармасы мен спорт басқармасының қолдауымен, Қазақстан Журналистер одағы ұйымдастыруымен өтті. Жарысқа «Тұран БАҚ», «77 TV», «Ontustik TV», «Жанубий Қозоғистон», «Janubiy.kz», «Turkistan TV», «Рейтинг-Собкор», АТО және «Уақыт TV» командалары қатысып, футбол, волейбол, үстел теннисі және арқан тарту спорт түрлерінен бақ сынады.

Футболдан «Тұран БАҚ» командасы жеңімпаз атанса, волейболдан «Рейтинг-Собкор» командасы топ жарды. Арқан тартудан да «Тұран БАҚ» ұжымы үздік нәтиже көрсетті. Үстел теннисінен ерлер арасында Дәурен Тілеухан, қыздар арасында Рысгүл Досжанова жеңімпаз болды.

Жалпы командалық есеп бойынша: «Тұран БАҚ» – 56 ұпай  «Turkistan TV» – 42 ұпай  «Ontustik TV» – 39 ұпай

Жарыс соңында үздік командалар мен спортшылар арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Спартакиада журналистердің кәсіби қызметпен қатар спортқа да белсенді екенін көрсетіп, достық пен ынтымақтастықты нығайтқан мерекелік шараға айналды.

Ұқсас жаңалықтар

Жұмыспен қамту шаралары мыңдаған азаматқа мүмкіндік берді

Redaktor Arysinfo

Шымкентте есірткіні жасырын орналастырушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Түркістан: Төлебиде заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді