РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум комиссиясының сағат 16:00-дегі мәліметі бойынша облыс халқының 72,39%-ы дауыс берген.

Жалпы облыста 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең. Сондай-ақ, республикалық референдумға облыс бойынша жалпы саны 6 380 комиссия мүшелері тартылған. Оның ішінде 1 – облыстық (7 мүше), 17 аумақтық (119 мүше) және 948 учаскелік референдум комиссиялары (6 254 мүше).

Облыс аумағындағы барлық учаскелер қажетті материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған азаматтар, оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланушылардың қолжетімділігін ескере отырып, жасырын дауыс беруге арналған кабиналармен және мүгедектігі бар адамдар үшін бұрыштармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, Түркістан облысы бойынша 554 учаскеде онлайн сервис іске қосылса, 22 шағын ХҚКО (халыққа қызмет көрсету орталығы) дауыс берушілерді уақытша тіркеу (бір күнге) жұмысын атқаруда.

Ұқсас жаңалықтар

Кентауда тамақтану нысанында өрт тіркелді

berdaly_oraz

ҚАЗЫҒҰРТТА “QAZYGURT FEST” ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТІП, 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨРЕРМЕН ЖИНАЛДЫ

berdaly_oraz

“72 жасқа толады”: биыл Президент туған күнін тойламайды