Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылында қайырымдылық бастамалар жалғасуда. Ауыл тұрғындарының ұйытқы болуымен құрылған «Төрткүл» қоры әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді.
Жуырда қордың ұйымдастыруымен көпбалалы жалғызбасты анаға жаңа баспананың кілті табысталды. Бұл игі іске ауыл халқы түгелге жуық атсалысып, ауызбіршілік пен жанашырлықтың нақты үлгісін көрсетті.
Жаңа үй барлық қажетті жиһазбен жабдықталған. Бұл – қор тарапынан табысталған төртінші баспана.
