Түркістан: Арыстағы дәрігерлік амбулаторияның жай-күйі алаңдатады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Арыс қаласында болған іссапар кезінде құрылысы енді аяқталған дәрігерлік амбулаторияның ішкі әрлеу жұмыстарына  көңілі толмады.

Қожатоғай ауылдық округінде бой көтерген медициналық нысан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында салынған. Облыс әкімі кем-кетіктерді ретке келтіруге 1 ай уақыт берді.

– Сіздер үйлеріңізге осындай нашар есік қояр ма едіңіздер? Жоқ! Қыруар ақшаға салынған соң, жауапкершілік керек. Мынау тірліктеріңіз ұят. Халықтың қаражатына салып отырсыздар, жанашырлық болуы керек қой! Осы ауылдың азаматы екенсіз, ендеше жауапкершілік еселеп артады. Ауылдастарыңыз келетін жер ғой. Неге бірден сапалы, дұрыс істемеске? — деді әкім.

Аталған мәселелер бойынша жауапты басқарма басшыларына, Арыс қаласы әкіміне тиісті тапсырмалар берілді. Құрылыс қарқыны қатаң бақылауға алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 20 жыл бойы баспана күткен тұрғын әкімнен көмек сұрады

berdaly_oraz

Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

berdaly_oraz

Түркістан облысында 60-тан астам ауыл ішімдік сатудан бас тартты

berdaly_oraz

Пікір жазу