Қала әкімі марокко шегірткесіне қарсы жұмыстарды бақылауда


Арыс қаласы мен оған қарасты ауылдық округтерде аса қауіпті марокко шегірткесінің таралуына жол бермеу мақсатында фитосанитарлық шаралар сәуір айының басынан бері үздіксіз жүргізілуде.

Жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін қала аумағы 17 секторға бөлініп, әр секторға жауапты мамандар бекітілген. Бұл тәсіл зиянкестің таралу аймағын нақты бақылауға және жедел әрекет етуге мүмкіндік беріп отыр.

Қала әкімі Қайсар Маңқараев секторларды аралап, үйірлі шегірткеге қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тікелей бақылап шықты. Сонымен қатар, жауапты сала мамандарымен кездесіп, олардың ұсыныстары мен өзекті мәселелерін тыңдады.

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда химиялық өңдеу, мониторинг және алдын алу шаралары қатар жүргізілуде. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғап, өнім шығынына жол бермеу.

🔰 Жалпы, мұндай жүйелі шаралар шегіртке қаупін дер кезінде азайтып, өңірдегі аграрлық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Заседание депутатской фракции НПК по обсуждению проекта новой Конституции

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: СПОРТШЫ ӘСЕЛ ҚАНАЙ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ҚОРЖЫНЫНА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ҚОСТЫ

berdaly_oraz

Жетісайда «Таза Қазақстан» аясындағы сенбілік жалғасын тапты

berdaly_oraz