ТҮРКІСТАНДА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Дереккөз,фото: Түркістан обл әкімдігі

Түркістан қаласында ерекше қуанышты оқиға орын алды – бір отбасында үшем сәби дүниеге келді. Қуанышты сәтке орай перзентханадан шығару рәсіміне Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов пен Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев арнайы қатысып, жас ата-ананың қуанышына ортақтасты.

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының атынан құттықтауын жеткізіп, отбасыға ізгі тілегін білдірді.

41 жастағы ана Марина Әуезханқызы бұл бақытты сәтті 15 жыл бойы үлкен үмітпен күткен. Отбасында бұған дейін 17 жастағы тұңғышы мен 15 жастағы екінші перзенті бар. Енді араға жылдар салып, шаңырақтың шаттығы үш бірдей сәбимен толығып отыр.

Жаңа туған үшемдерге ата-анасы Айқын, Айдын және Арсен деген есімдер берген.

Ұқсас жаңалықтар

ЖАСКЕШУДЕ ЖАҢА ӨНДІРІС КООПЕРАТИВІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

berdaly_oraz

Түркістан облысында ерекше балаларға арналған үш жаңа оңалту орталығы ашылады

berdaly_oraz

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тарихи Сауран қалашығында жалпыхалықтық сенбілік өтті