Шардара ауданы әкімдігінде мәжіліс өтті

  • Дереккөз, фото: Шардара ауд әкімдігі

2026 жылғы 27 сәуірде Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлының төрағалығымен аудан әкімдігінде мәжіліс өтті. Жиынға қала және ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары, сондай-ақ тиісті мекеме жетекшілері қатысты.

Мәжіліс барысында Шардара қаласының әкімі және Сүткент ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған Айдосов Олжас Қалмұхаммедұлы мен Кенбай Қайрат Рахымжанұлына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін аудан әкімі Алғыс хаттар табыстады.

Одан кейін Шардара аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тұрлыбеков Жоламан Ерсайынұлы 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша есеп берді.

Жиын соңында аудан әкімі бірқатар сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е. Нұраховқа Тама-Тастанбек су құбыры құрылысының барысын, сондай-ақ аудан аумағындағы жол құрылыстары мен коммуналдық саладағы жұмыстарды бақылау тапсырылды.

Шардара аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А. Махашевке аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының орындалу барысын қадағалау жүктелді.

Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Т. Әлімқұлға көктемгі дала жұмыстары, шегірткеге қарсы күрес, жүгері, күріш және өзге де дақылдар бойынша жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Шардара аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ө. Рүстемге сауда саласындағы төмен көрсеткіштерді жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстарды жандандыру міндеттелді.

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е. Абдразаховқа 2025 жылғы мерзімді басылымдар бойынша берешектерді өтеу, 2026 жылға жазылу жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ 1, 7 және 9 мамыр мерекелерін жоғары деңгейде өткізу бойынша тапсырмалар берілді.

Шардара аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы М. Исаевқа пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және жер салығы жоспарының орындалуын қамтамасыз ету жүктелді.

Аудан әкімі барлық тапсырмаларды белгіленген мерзімде сапалы орындауды, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізуді және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүйелі жұмыс жүргізуді қала, ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына міндеттеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының бірнеше қаласында референдум күні қоғамдық көлік тегін болады

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА СЫМТЕМІР ӨҢДЕЙТІН ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІНДЕГІ РОБОТОТЕХНИКА ҮЙІРМЕСІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Redaktor Arysinfo