Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі
Түркістан облысының ауыр атлетикадан құрама командасы Өскемен қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысты.
17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы ҚР жеке-командалық чемпионатында өңір намысын қорғаған бірқатар спортшылар жүлделі орындарға ие болды.
79 келі салмақ дәрежесінде Ирсали Нұрмұхаммед II орын иеленді. Ол жұлқа көтеруде 128 келі, серпе көтеруде 153 келі көтеріп, жалпы есепте 281 келі нәтижемен күміс жүлдегер атанды.
53 келі салмақта Лесбек Райян II орынға ие болды. Спортшы жұлқа көтеруде 55 келі, серпе көтеруде 68 келі көтеріп, жалпы есепте 123 келі нәтижемен күміс медаль жеңіп алды.
Сонымен қатар, Абзал Шәміл 94 келіден жоғары салмақ дәрежесінде III орын алды. Ол жұлқа көтеруде 120 келі, серпе көтеруде 150 келі көтеріп, жалпы есепте 270 келі нәтижемен қола жүлдегер атанды.
Қазіргі уақытта Түркістан облысының ересектер құрамасы Талдықорған қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына дайындық жүргізуде. Аталған жарыста өңірден 10-ға жуық спортшы бақ сынайды.
