Сайрамдық жас садақшылар облыс чемпионатында топ жарды

Дереккөз, фото: Сайрам ауд әкімдігі

Түркістан облысы аумағында дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасындағы облыс чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұлттық спортты насихаттаған тартысты додаға айналды. Жарыс Зертас ауылы елді мекенінде өтті.

Облыстық біріншілікке Төлеби ауданы, Сайрам ауданы және Түркістан қаласы атынан жалпы 62 спортшы қатысып, мергендік шеберліктерін сынға салды. Аталған жарыс ел чемпионатына іріктеу кезеңі ретінде өткізілді. Ал республикалық чемпионат 16–19 маусым күндері Орал қаласы қаласында өтеді деп жоспарлануда.

Сайыс барысында қатысушылар дәлдікпен қатар ұлттық спортқа тән сабырлықты, төзімділік пен шеберлікті көрсетті. Әрбір атылған жебеден тыңғылықты дайындық пен тынымсыз еңбектің нәтижесі байқалды.

Чемпионат кіші жасөспірімдер (10–13 жас) және жасөспірімдер (14–17 жас) санаттары бойынша ұйымдастырылып, «Пута», «Қалқан», «Жамбы», «Орта Азия» нысаналары бойынша өтті.

Жарыс қорытындысында «Сайрам ұлттық спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 11 алтын, 7 күміс және 9 қола медаль жеңіп алды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ АРЫС ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСЕДІ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ӘЗЕРБАЙЖАН ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ «ТІЛІ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮРІ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНА ЖӨНЕЛТІЛДІ

Redaktor Arysinfo