ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Түркістан облысы өңірінде өндіріс орындарын ашу және кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы ретте Сауран ауданына қарасты Қарашық ауылдық округі аумағында жаңа өндіріс орны өз жұмысын бастады.

Жеке кәсіпкер Нуришев Дилшат басқаратын «Soft Line» кәсіпорны жұмсақ жиһаз өндіруге маманданған. Кәсіпорын заманауи талаптарға сай өнім шығарып, ішкі нарық сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жобаның жалпы инвестициялық құны 250 миллион теңгені құрайды. Өндіріс орнының іске қосылуы нәтижесінде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Аталған жоба өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытуға серпін беріп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға өз үлесін қосуда. Сонымен қатар, ауданның өндірістік әлеуетін арттыруға және экономиканың дамуына оң әсерін тигізеді.

Ұқсас жаңалықтар

Өңір жаңалығы: Сауранда жаңа ғимарат ашылды

Түркістан облысында полицей қыз-келіншектер марапатталды

berdaly_oraz

ОҚУ-СПОРТ ОРТАЛЫҚТАРЫ АУЫЛ БАЛАЛАРЫНА ЖАҢА МҮМКІНДІК АШУДА

berdaly_oraz