САЙРАМ СПОРТШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Дереккөз, фото: Сайрам ауд әкімдігі

2026 жылдың 1–3 мамыр күндері Алматы қаласында аралас жекпе-жек (JEET KUNE DO) спорт түрінен балалар мен жасөспірімдер арасында «Азияның үздік жауынгері» атты халықаралық турнир өтті.

Аталған жарыста Сайрам ауданының жас спортшылары табысты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, 65 келі салмақта Миласов Анзор мен 40 келі салмақта Алиев Жалал қарсыластарынан басым түсіп, І орындарды иеленді.

Сонымен қатар, 34 келі салмақта Кадирметов Иброхим ІІ орынға қол жеткізсе, 57 келі салмақта Қанатұлы Доснар ІІІ орынды місе тұтты.

Жас спортшылардың бұл жетістігі – жүйелі дайындық пен жаттықтырушылар еңбегінің нәтижесі. Халықаралық додадағы бұл көрсеткіш Сайрам ауданында спорттың қарқынды дамып келе жатқанын аңғартады.

Алдағы уақытта да сайрамдық спортшылардың жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, ел намысын абыроймен қорғай беретініне сенім мол.

Ұқсас жаңалықтар

Зеленский Украинаның пайдалы қазбаларынан 50 пайызын АҚШ-қа беруден бас тартты

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ПАТРИОТТЫҚ РУХТЫ КӨТЕРГЕН АУҚЫМДЫ ШАРА ӨТТІ

Қазақстан тумасы Санжар Әбішев Лондонда депутат атанды

Redaktor Arysinfo