САРЫАҒАШТА ДЕРБІСЕКТІҢ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА

Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылындағы «ТП-32» ұңғымасына қатысты мәселе туындаған болатын. Бұған дейін бұл су көзі «Рауан» ЖШС қарамағында болып, 27 жыл бойы жалға пайдаланылған. Жалға алу мерзімі биыл 25-сәуірде аяқталған.

Ресми органдар санитарлық талаптардың сақталмауына байланысты су пайдалану құқығын ұзартудан бас тартқан.

Аудан әкімінің айтуынша, қазіргі таңда ауылдағы 18-мыңға жуық тұрғын ауыз сумен тұрақты қамтылған. 3-мыңнан астам абонент орталық су жүйесіне қосылған. Су беру жұмысы штаттық режимде жүргізіліп отыр. Қосымша «№2-ТП» ұңғымасы да пайдаланылуда.

Егер ұңғыма мемлекет меншігіне қайтарылса, тұрғындарды сумен қамту бұрынғыдай жалғасады, ал кәсіпорынға су беру заңға сәйкес реттелмек.

Мамандардың мәліметінше, бұл іске қатысты сот процестері жүріп жатыр. Жер және санитарлық талаптардың бұзылуы бойынша айыппұлдар да салынған. Қазіргі таңда су мәселесі бақылауда тұр және тұрғындардың ауыз суға қолжетімділігі сақталып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда кітапхана қызметкерлерінің облыстық байқауы өтті

Кентаудағы өртке байланысты жедел штаб жиыны ұйымдастырылды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 18 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫСЫ «IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСАДЫ

Redaktor Arysinfo