САЙРАМДА ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Дереккөз, фото: Сайрам ауд әкімдігі

Сайрам ауданында еңбек қатынастары мен әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерге арналған жиын өтті. Іс-шараға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілдері және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Еңбек мобильді орталығы» мекемесінің мамандары қатысты.

Жиын барысында зейнетақы жарналарының уақытылы аударылуы, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, электронды еңбек шарттарын уақтылы тіркеу мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған «D» және «E» санатындағы отбасыларды «C» деңгейіне көтеру тетіктері қарастырылды.

Басқосуға Сайрам ауданы әкімі аппаратының басшысы Н.Сарыбеков, еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Ғ.Сапарқұлов, «Еңбек мобильді орталығының» директоры Е.Байбатчаев, ауылдық округ әкімдері, әлеуметтік сала мамандары, кәсіпкерлер, мансап орталығының қызметкерлері, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау және мемлекеттік кірістер саласының өкілдері қатысты.

Жиын қорытындысында еңбек қатынастары саласындағы түйткілді мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар беріліп, жауапты мекемелерге міндеттер жүктелді. Қабылданған шешімдердің орындалуы тұрақты бақылауда болады.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа Конституцияны қолдауға қатысты әр партияның өз ұстанымы бар

Redaktor Arysinfo

Жемқорлық қай өңірде өршіп тұр? Қазақстандағы алаңдатарлық статистика жарияланды

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫН МАРАПАТТАДЫ

berdaly_oraz